АЛМАТЫ


АЛМАТЫ – Қазақстан Республикасының ірі мегаполисі, еліміздің ғана емес, жалпы Орта Азия өңірінің саяси, ғылыми, мəдени, қаржы жəне өнеркəсіп орталығы. Қала аумағы 68200 га., халық саны – 1,5 млн. астам.

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен бір параллельде Гагра және Владивосток қалалары бар.

Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарай күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына барып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, Тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.

Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар жолбарысы Алматы қаласының елтаңбасына айналған.

Тау баурайындағы жүзім, астық, көкөніс өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектерге алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Алматы апортының даңқы осы жерде шықты.

Алматыда ірі көлік торабы, азық- түлік, жеңіл, ауыр өнеркәсіп дамыған. Мұнда отандық ірі банктер, шетелдік қаржы институттарының жетекші компаниялары шоғырланған.

Алматы үшін үшінші мыңжылдықтың басы ірі көлемді жобаларды жүзеге асырумен айшықталды. Соның ең бастысы, құрылысы 20 жылға созылған Алматы метросы. Ол 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы жер асты жолы Европалық сапа белгісімен екі рет марапатталды. 2011 жылы муниципиалды қоғамдық көлік өмірге келді.

Алматының халықаралық аренада кеңінен танылуына спорттың ықпалы мол. 2011 жылы Азиаданың, бокстан, дзюдодан, трамплиннен шаңғымен секіруден өткен халықаралық жарыстар, «Гран-при 2013» атты волейболдан өткен әлемдік этап қаланың халықаралық мәртебесін арттырды. Қала әкімі мен Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың бастамасымен 2013 жылдың 6 қазанында өткен 1,2 категорияларындағы «Тур Алматы» кәсіби веложарасы Алматы атын әлемге тағы да паш етті.

Өткенге шолу жасау Алматының ғсарылар бойына осы өңірдің саяси, экономикалық, мәдени өмірінде, Ұлы Жібек жолын дамытуда маңызды роль атқарғандығын көрсетеді.