2018 Студенттер арасында Футзалдан Әлем Чемпионаты

Қазақстан Республикасының тұрғындары!

2018 жылғы студенттер арасында футзалдан әлем Чемпионатының өткізу мүмкіндігін Алматы қаласы 2015 жылы Қазан айында жеңіп алды .

Ірі ауқымдағы шара ТМД елдері аумағында алғаш рет өткізілетін болады. Әлемдегі жиырмадан астам футзалдан ең мықты студенттік құрамалар қатысуы көзделеді, сондай-ақ көптеген халықаралық жанкүйерлер мен еріктілер күтілуде. Қазақстан Республикасының студенттік спорт Федерациясы және Ұлттық студенттік лигасы 2018 Әлем чемпионатының ұйымдастырушылары болып табылады . Халықаралық студенттік спорт федерациясы (FISU), Қазақстан Республикасының студенттік спорт Федерациясы мен Ұлттық студенттік лигасы арасындағы қол қойылған келісімге сәйкес  2018-ӘЧ 19-тамыз бен 26 тамыз аралығында өткізуге айқындалған.

Сонымен қатар, ұйымдастыру комитетінің құрамына ҚР білім және ғылым Министрлігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласы Әкімдігі кірді.

Атап өтетін бір жайт, 2014 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бастамасымен құрылған Ұлттық студенттік лигасының негізгі мақсаты ол жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Құрылған сәттен бастап, Ұлттық студенттік лигасы жоспарлы түрде географиясын кеңейтуде және жыл сайын қатысушылардың саны мен мүдделі тұлғалардың саның арттыруда.

Қазіргі уақытта Ұлттық студенттік лигасы Қазақстанның барлық жоғары оқу орындар мен колледждерді біріктіре отырып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.